Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөлімінде жатыр": БҚО-да полиция департаментінің ғимаратында полицей оқ жарақатын алды

Жарияланған күні:

Полицей. Көрнекі фото
Полицей. Көрнекі фото: pixabay.com

БҚО-да полиция департаментінің ғимаратында оқ жарақатын алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлады.

Басылым мәліметінше, полиция қызметкері Батыс Қазақстан полиция департаментінің ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарудан өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар.

БҚО полиция департаментінің басылымға берген мәліметі бойынша полицей аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция өкілдері.

Әзірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122857-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-bqo-da-politsiia-departamentining-gimaratynda-politsei-oq-zharaqatyn-aldy/