Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда қалыңдық отырған той кортежінің көлігі апатқа ұшырады (видео)

Жарияланған күні:

Апатқа ұшыраған кортеж көлігі
Жол-көлік оқиғасы болған жер. Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағандыда той кортежінің көлігі апатқа ұшырады. Полицейлер оқыс оқиғаның салдарынан үш адам зардап шеккенін мәлімдеді. Оның ішінде қалыңдық та болған, деп хабарлайды ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

22 маусымда Қарағандыда Бұқар жырау даңғылында базар маңында жол апаты салдарынан көлік қозғалысы шектелді. Түскі уақытта Toyota және BMW маркалы екі көлік соқтығысқан, салдарынан тіпті тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келген.

Куәгерлердің айтуынша, той кортежіндегі көліктердің бірі апатқа ұшыраған. Зардап шеккендердің ішінде қалыңдық та болған.

Жол-көлік апатына байланысты Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

"22 маусымда сағат 12.18-де Бұқар жырау даңғылында Toyota, BMW және тұрақта тұрған Chevrolet көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан Toyota және BMW көліктерінің жүргізушілері және 20 жастағы BMW жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2122950-qaragandyda-qalyngdyq-otyrgan-toi-kortezhining-koligi-apatqa-ushyrady-video/