Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыдағы диірмен кешені өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Қарағандыдағы диірменде шыққан өртті сөндіру сәті
Өрт сөндіруші. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Қарағандыдағы диірмен кешенінде өрт шықты. Өртсөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарып үлгерді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасының ақпараты бойынша, Қарағандыда диірмен кешені өртенген.

"Бүгін Қарағанды қаласындағы диірмен кешендерінің бірінде өрт шықты. Кейін ол ұн тарту цехының ғимаратына ауысып, бункердегі астық шөгінділері жанып кеткен. ТЖМ күштерімен 52 шаршы метрлік өрт жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2123172-qaragandydagy-diirmen-kesheni-ortendi-video/