Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында екі ер адам дауласып қалып, арты кек алуға ұласқан

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жанып жатқан сіріңке
Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысының тұрғыны жәбірленушінің қараусыз қалған көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңге, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Шет аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері ауылдардың бірінде бөтеннің мүлкін қасақана жойды деген күдікке ілінген 38 жастағы ер адамды ұстады.

"Күдікті 53 жастағы жергілікті тұрғынмен сөзге келіспей қалғаны анықталды. Жәбірленуші көлігін біраз уақыт қараусыз қалдырып кеткен болатын, күдікті бұл сәтті пайдаланып, көлікті өртеп жіберген", - деді ІІМ өкілдері.

Көліктің панелі мен орындықтары толық жанып кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 2 миллион теңгеге бағалады.

Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (Өртеу және жару арқылы я өзге де жалпы қауіпті әдіспен бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру әрекеттері), бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заң бұзушылық жасаған адамға 3 000 АЕК (11 076 000 теңге) мөлшерінде айыппұл я 7 000 АЕК (25 844 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе ол сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу, я болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2123781-qaragandy-oblysynda-eki-er-adam-daulasyp-qalyp-arty-kek-aluga-ulasqan/