Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағашқа соғылған: Алматыда түнде жол апатынан төрт адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: zakon.kz

Бүгін түнде Алматыда жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында түнгі 02:20-да болған.

"Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол жиегіне шығып, ағашқа соғылған.

Жол апатынан көлік жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендердің барлығы Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары болып шықты. Полицейлер төрт адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2124762-agashqa-sogylgan-almatyda-tunde-zhol-apatynan-tort-adam-qaza-tapty/