Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аягөзде полицейді көлік қағып мерт қылды

Жарияланған күні:

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Абай облысында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, Абай облысы Аягөз қаласында полиция қызметкерін жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кеткен. 35 жастағы полицей сол жерде көз жұмған. Ал Toyota көлігін тізгіндеген жүрізуші мас болғаны анықталған.

Мас жүргізуші жылдамдықты асырып, жолдан өтіп бара жатқан полицейді қағып кеткен. Онымен тоқтамай, көзілдірік сататын дүкеннің ішіне бір-ақ кірген екен.

Жеңіл көлік қаққан 35 жастағы полиция қызметкері оқиға орнында жан тәсілім еткен.

Марқұм Аягөз ауданы полиция бөлімінде 2009 жылдан бері анықтаушы болып істеген. Қазір жүргізуші қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2125440-aiagozde-politseidi-kolik-qagyp-mert-qyldy/