Екібастұз ГРЭС-1 аумағында технологиялық апат болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЭнергетика министрлігінің баспасөз қызметі "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-нің қазіргі жағдайы қандай екенін айтты. Апат салдарынан төрт энергоблок сөндірілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"28 маусымда сағат 05:24-те "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-де технологиялық ақау болып, салдарынан №2, 3, 4 және 7 энергоблогында МВт электр қуатын өндіру 2080-нен 320-ға дейін қысқарды.
Қазіргі таңда №2, 4, 8 энергоблоктар жұмыс істеп тұр. Станцияның 971 МВт қуатын генерациялайды. Қалған қондырғыларды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті технологиялық ақаудың шығуы дерегі бойынша тексеруді бастады", - деп хабарлады Энергетика министрлігі өкілдері.
Ведомство ақпараты бойынша, тұтынушыларда электр жарығы өшірілмеген.
Компания сайтының ақпаратына сәйкес, Болат Нұржанов атындағы "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС – қуаты 4 мың МВт-қа жететін жылу электр станциясы. Ол Павлодар облысы Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде Жеңгелді көлінің солтүстік жағалауында орнатылған.
Бұл қатты отында жұмыс істейтін Қазақстандағы ең ірі станция. Сонымен қатар қазір Екібастұз ГРЭС-1 станциясының қуаттылығы 3500 МВт. Ол әлемдегі ең ірі көмір электр станцияларының бірі болып саналады.
Станцияның негізгі жұмысы – электр энергиясын өндіру.
Еске салайық, биыл қаңтарда Екібастұз ГРЭС-1-ге қатысты тергеу басталғаны хабарланған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2125713-ekibastuz-gres-1-aumagynda-tehnologiialyq-apat-boldy/