Баянауылда түнгі уақытта екі бала суға батып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүнде Баянауыл ауданындағы Торайғыр көлінде екі бала суға батып кетті. Балалардың батып кеткені туралы хабарлама құтқарушыларға бүгін түнде келіп түскен. ТЖМ қызметкерлері келіп жеткенше куәгерлер балалардың бірін судан алып шыққан, деп хабарлайды өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылардың мәліметіне сүйенсек, 28 маусымда сағат 00:58-де 2011 және 2013 жылы туған ағайынды тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен. Құтқарушылар дереу оқиға орнына жіберілген, бірақ олар жеткенше балалардың бірінің денесі судан алып шығарылған.
"Қайғылы оқиға куәгерлері судан 2013 жылы туған баланың денесін шығарды. Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы таңғы сағат 05:15-те 2011 жылы туған баланың денесін тауып, судан шығарды", - деді Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2125863-baianauylda-tungi-uaqytta-eki-bala-suga-batyp-ketti/