Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында бу блогы тұтанды

Жарияланған күні:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Фото: atr.kz

Атырау мұнай өңдеу зауыты сутегі өндіру қондырғысындағы тұтануға қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "АМӨЗ" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мәліметіне сүйенсек, 28 маусымда сағат 14:48-де "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС-нің сутегі өндіру қондырғысының (УПВ-2) бу блогы тұтанған.

"Сағат 14:53-те тұтану ауыздықталды. Оқиға технологиялық процеске және мұнай өнімдерін шығару барысына әсер еткен жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп жазылған "АМӨЗ" ЖШС хабарламасында.

Мұнай өңдеу зауыты бұқаралық ақпарат құралдары жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2125884-atyraudagy-munai-ongdeu-zauytynda-bu-blogy-tutandy/