Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру сәті
Өрт сөндіру сәті. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматының Әуезов ауданында екі қабатты ғимарат өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Осы сәтте Алматының өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеніндегі өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнына жеткен соң 32 минутта өртті оқшаулады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Оқиғаның басқа мән-жайы анықталып жатыр.

Кейінірек ТЖМ күштерімен өрт 150 шаршы метр аумақта толығымен жойылғаны хабарланды.

"Жану 2 қабатты жиһаз цехында және оған бекітілген бір қабатты наубайханада болды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖМ хабарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2126016-almatyda-eki-qabat-gimarat-ortendi-video/