Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Алтын Орда" маңында мопедші әйел адамды қағып кетті: екеуі де қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жол апаты болған жерде жиылып тұрған адамдар
Алматыдағы жол-көлік апаты. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Бүгін түнде Алматыда "Алтын Орда" базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының екі қатысушысы да оқиға орнында көз жұмды. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасында оқиға орнынан видео жарияланды. Кадрлардан жолда тұрған жедел жәрдем көлігі мен жерде жатқан адамды қоршап тұрған топ адамды көруге болады.

Жазба авторларының мәліметінше, апат "Алтын Орда" базарының маңында болған.

Алматы полиция департаменті жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болғанын хабарлады.

"Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған ер адам Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2126373-almatyda-altyn-orda-mangynda-mopedshi-aiel-adamdy-qagyp-ketti-ekeui-de-qaza-tapty-video/