Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында балалар отырған көлік жүк көлігімен соқтығысты

Жарияланған күні:

Скорая помощь
Скорая помощь. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Павлодар облысында балалар отырған жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан бір ұл мен екі қыз бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Павлодар-онлайн".

Басылымның хабарлауынша, жол-көлік апаты 29 маусымда Павлодар мен Ақсу арасындағы тасжолда болған.

"Апат орнынан облыстық балалар ауруханасына бірден үш бала жеткізілді: 8 жасар ұл мен 10 және 11 жастағы екі қыз. Жол-көлік апатынан зардап шеккен тағы бір 37 жастағы ер адам тексеруден өтті",-деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Балалардың қазіргі жағдайы туралы облыстық балалар ауруханасы өкілдері мәлімдеді.

"Балаларды кезекші травматолог, хирург және ЛОР-дәрігер тексерді, олар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Ата-анасының айтуынша, 29 маусымда сағат 13.00-де Қарабай ауылының маңында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Соқтығысу кезінде балалар көліктің ішінде болған. ​Қазіргі уақытта барлық қажет емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті дәрігерлер.

Дәрігерлердің айтуынша, үш бала жабық бас жарақаттарын, түрлі дене жарақатын алған, миы шайқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2126997-pavlodar-oblysynda-balalar-otyrgan-kolik-zhuk-koligimen-soqtygysty/