Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Бір-біріне соғылған жедел жірдем көлігі мен жеңіл көлік
Оқиға орны. Фото: mgorod.kz

Дүйсенбі, 1 шілде түнде Оралда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлайды "Мой город".

Басылым мәліметінше, жол апаты сағат 22:00-де Черекаев көшесінде болған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жолда ВАЗ-21099 көлігі мен Hyundai маркалы жедел жәрдем көлігі соқтығысқанын хабарлады.

Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Сол көліктің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Қазір мамандар апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2127234-oralda-zhedel-zhardem-koligi-zhengil-kolikpen-soqtygysyp-bir-adam-qaza-tapty/