Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда банк инкассаторы көз жұмды

Жарияланған күні:

Мужчина держит в руках пистолет
Мужчина с пистолетом. Иллюстративное фото: guruXOOX / Getty Images

Ақтаудағы банктердің бірінің инкассаторы қызметтік қарудан басына оқ атып, мерт болды. Ол банктен 10 млн теңге ұрлаған деген күдікке ілінді. Полицейлер бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Lada.kz сайтының мәліметінше, Ақтаудағы 14-шағын ауданда 1981 жылы туған инкассатор ғимараттың жертөлесіне барып, қызметтік қаруымен басына оқ атқан.

Ғимаратқа жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері келіп, жертөленің кіреберісін қоршауға алғаны айтылған.

Басылым өкілі кеше сағат 23:00-де оқиға орнына барып, полиция қызметкерлері жүргеніне көз жеткізген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне қалалық полиция департаментінен түсініктеме берді.

"Ақтау қалалық полиция басқармасы ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2127324-aqtauda-inkassator-bankten-10-mln-tengge-urlap-keiin-ozin-ozi-atyp-tastagan/