Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы ауылда жас қыздың денесі табылды: күдікті қамауға алынды

Жарияланған күні:

Күдіктіні қамау сәті
Күдіктіні қамау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында жас қыздың өлі денесі табылды. Бойжеткен жұмбақ жағдайда қаза болған. Түркістан облыстық полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылында 30 маусымда болған. Оқиға туралы әлеуметтік желілерде түрлі алыпқашпа әңгіме тарап жатыр. Аталған жайт туралы Instagram-дағы abdulla_kzkz парақшасында алғашқы ақпарат пайда болды. Бұл дереккөзде Ақсукент ауылында бойжеткен кісі қолынан қаза болғаны айтылады.

"Тұрғындардың айтуынша, екі ғашық бір жылдан бері кездесіп жүріп, 30 маусымда кешкі сағат 18:30-да қызды жігіті жұмысынан алып, көлігімен үйінде ешкім жоғын біліп, өз үйінің гаражына тоқтаған. Марқұм қыз сол гараждан тірі шықпаған. Қыздың туыстарының айтуынша, жігіт қызды зорламақ болған, өйткені марқұмның денесінде зорлық белгілері бар, денесі көгерген және мұрны сынған, ал жігіт пен оның жақындары қыз газға уланып жан тапсырғанын, баласының кінәсі жоқ екенін айтқан", - делінген жазбада.

Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырады.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз",- дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2128200-turkistan-oblysyndagy-auylda-zhas-qyzdyng-denesi-tabyldy-kudikti-qamauga-alyndy/