Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда жүк көлігінің жүргізушісі көмір кенішінде қаза тапты

Жарияланған күні:

Самосвал
Иллюстративное фото: Pixabay.com

Екібастұздағы көмір шахтасында самосвал жүргізушісі қаза тапты. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Еңбек басқармасының мәліметінше, апат 2 шілдеде "Богатырь Көмір" көмір кәсіпорны нысандарының бірінде болған.

Байқаусызда жүріп кеткен "БелАЗ-132" жүк көлігі жиектен құлаған. 58 жастағы жүргізуші реанимацияға жеткізілді, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.

Еңбек басқармасы оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2128395-ekibastuzda-zhuk-koligining-zhurgizushisi-komir-kenishinde-qaza-tapty/