Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жедел жәрдем көлігі мейрамхана террасасына соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы
Алматыдағы жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: t.me/buzyqmedia

Бүгін Алматыда жедел жәрдем көлігі қытай мейрамханасының жазғы террасасына соқтығысты. Желіде апаттың салдары түсірілген видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Telegram-дағы Buzyq арнасында жарияланды. Видео авторларының айтуынша, көлік апаты бүгін 16.00 шамасында болған.

Кадрларға қарағанда, жедел жәрдем мейрамхана террасасының бір бұрышына кіріп кеткен. Құлаған шам бағанасын да байқауға болады.

Алматы полиция департаментінің өкілдері оқиғаға түсінік берді. Полицейлердің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16:10-да Бостандық ауданында болған.

"Жедел жәрдем жүргізушісі Шашкин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Toyota және Hyndai маркалы екі көлікпен соқтығысып барып, мейрамхананың жазғы террасасындағы қоршау түріндегі кедергіге соғылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Апат салдарынан ешбір адам зардап шекпеген. Қазір оқиғаның мән-жайын оңтүстік астананың Бостандық ауданы әкімдігінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада Алматыда Мақатаев көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында жол апаты болды. Ақ түсті Kia көлігі 18-маршруттағы автобуспен соқтығысып, қоғамдық көлік дүкеннің қабырғасына соғылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2128425-almatyda-zhedel-zhardem-koligi-meiramhana-terrasasyna-kirip-ketti-video/