Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүк көлігі жеке үйлердің қоршауын бұзып өтті (видео)

Жарияланған күні:

Жүк көлігі. Фото
Жүк көлігі. Фото: kris_p_almaty

Алматының Медеу ауданында жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Kris_p_almaty арнасы Алматының Медеу ауданындағы Оспанов көшесінде болған жол апатын түсіріп алған куәгерлердің видеосын жариялады. Жазба авторларының айтуынша, КамАЗ төмен түсіп бара жатқандықтан тежегіштері істен шығуы мүмкін.

"Көлік Оспанов көшесіндегі жеке үйлердің ағаштары мен 2 қоршауын бұзып өткен, зардап шеккендер жоқ", - делінген видеоның сипаттамасында.

Кейін Telegram арнада тағы бірнеше видео жарияланды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жол апаты 4 шілдеде сағат 17:00-де Алматының Медеу ауданында болғанын хабарлады.

"Оспанов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, кедергіге соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасын Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2129307-almatyda-zhuk-koligi-birneshe-uiding-qorshauyn-buzyp-otti-foto/