Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Нұрлы тау" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/almatynews_kaz

Алматыда оқиға куәгерлері "Нұрлы тау" тұрғын үй кешені маңында өрт сөндіру көліктері қаптап тұрғанын байқаған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй кешенінің 8-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар Telegram-дағы Almaty News арнасында жарияланды.

Видеодан төрт өрт сөндіру көліктерін көруге болады. Ғимараттың маңайында халық та көп жиналған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Нурлы-Тау ТК, Әл-Фараби даңғылы, 7 к5а мекенжайына жіберілген.

"32-қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтердің жанып жатқаны анықталды.

Сағат 17:55-тен бері өртсөндірушілер 32 қабатты тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтердегі өртті сөндіріп жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері көп ұзамай 8 шаршы метр алаңдағы өрт толығымен сөндірілгенін, қазір өрттің себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 65 адам мен 19 техника жұмырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2129847-almatydagy-nurly-tau-turgyn-ui-keshenindegi-paterlerding-birinen-ort-shyqty-video/