Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустың қатысуымен тағы бір жол апаты болды (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты. Видеодан кадр: Instagram/kris_p_almata

Бүгін Алматыда автобус минивэн көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шеккені хабарлануда. Қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бүгінде тергеу жұмыстары басталып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген видео Instagram-дағы kris_p_almata парақшасында пайда болды. Бейнежазбада №8 бағыттағы автобус пен Toyota Hiace көлігін көруге болады.

Видеоға сәйкес, автобустың жүргізуші отыратын жағы, ал көліктің алдыңғы жағы зақымданған.

Оңтүстік астананың Полиция департаментінің өкілдері жол апатына қатысты пікір білдірді. Жол-көлік оқиғасы Жангельдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған.

"Toyota көлігінің жүргізушісі Жангельдин көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Түлкібас көшесіне солға бұрылғанда солтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан", - делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген. Жетісу ауданының полиция басқармасының қызметкерлері жол апатынына қатысты тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2129868-almatyda-avtobustyng-qatysuymen-tagy-bir-zhol-apaty-boldy-video/