Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде мұнай тиелген жүк көлігі өртенді

Жарияланған күні:

Өртенген жүк көлігі
Өртенген жүк көлігі. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жаңаөзен қаласы аумағында жүк автокөлігінің артқы дөңгелектері жанған. Құтқарушылар өртті сөндірді, деп хабарлайды ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін Жаңаөзен қаласының аумағында облыстық маңызы бар "Жаңаөзен қ. – Жетібай к." автожолының учаскесінде жүк автокөлігінің артқы дөңгелектері жанды. Машинада мұнай тиелгені белгілі болды", - делінген хабарда.

Өртсөндірушілер шақырту түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Құтқарушылар автокөлікте төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керегін ескертті.

Көлік өртенсе не істеу керек?

ТЖМ мамандарының айтуынша, егер көлік қозғалыс кезінде жанған болса, мынадай әрекеттерді орындау керек:

  • Көлікті дереу тоқтатып, жолаушыларды салоннан эвакуациялау;
  • 101 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;
  • қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босату, аккумуляторды дереу ажырату және өрт сөндіргішті қолдану. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүргеніңіз жөн. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;
  • қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолданбаңыз, ол электрсымдарының қысқа тұйықталуына және жанармай жануының өршуіне әкелуі мүмкін;
  • егер өрт сұйық отын көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыс жүрге жүгіріңіз;
  • егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа шығарып сөндіріңіз;
  • егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130246-zhangaozende-munai-tielgen-zhuk-koligi-ortendi/