Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқыту үшін видео түсірген": ІІМ студенттерді бопсалап келген топ мүшелері ұсталғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Күдікті. Фото
Күдікті. Фото: polisia.kz

Ұлытау өңірінде колледж студенттерінен ақша бопсалады деген күдіктілер ұсталды. Ұстау кезінде 18-20 жас аралығындағы күдіктілерден қару-жарақ пен есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ұлытау облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 18-20 жас аралығындағы жастар тобын ұстады. Олар жергілікті колледждің кәмелетке толмаған студенттерін қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер өзгелерді қорқыту және өздерінің басымдылығын көрсету үшін зорлық-зомбылық әрекеттерін бейнежазбаға түсірген. Бопсалау және бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық істер сотқа жолданды", - деді Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның үйлестіруімен осы жылдың мамыр айында жастарды бопсалаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Топ мүшелеріне осындай 10 фактіге қатысы бар деген айып тағылып отыр. Олар жәбірленушілерді қорқытып, 2 млн теңгеге дейін алған. Жәбірленушілер қылмыскерлерден қорқып, құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Топ мүшелерін ұстау кезінде олардан травматикалық және суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткі тәркіленді. Барлық күдікті қамауға алынды. Жәбірленушілерге қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2130765-qorqytu-ushin-video-tusirgen-iim-studentterdi-ureilendirip-zhurgen-toptyng-ustalganyn-habarlady/