Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы демалыс базасында бозбала көз жұмды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтаудағы демалыс базаларының бірінде 2007 жылы туған жас жігіт көз жұмды. Бозбаланың өлімін оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы тіркеді, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Аймақтық басылым мәліметінше, оқиға туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Алдын ала болжам бойынша жігіт сырғанайтын төбешіктен суға секірген.

"Бұл жағдай туралы ештеңе айта алмаймыз, сырғанайтын төбешікке қатысы жоқ. Жігіт ол жерден құлаған жоқ. Бұл демалыс орталығының аумағында болды, жігіт өзін жай нашар сезініп, оны жедел жәрдем алып кетті", - деп пікір білдірді демалыс орталығының өкілдері басылымға.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем станциясы оқиға орнына мамандар тобы жіберілгені туралы ақпаратты растады. Оқиға бір күн бұрын, 8 шілдеде болған.

"Сағат 14:26-да демалыс орнынан 2007 жылы туған жәбірленушінің суға батып кеткені туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы келіп, дәрігерлер өлімді тіркеді, - деді жедел жәрдем өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2131200-aqtaudagy-demalys-bazasynda-bozbala-koz-zhumdy/