Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы мерт болды

Жарияланған күні:

кен орны
Кен орны. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысының Рудный қаласындағы шахтада жазатайым оқиғадан жұмсышы көз жұмды. Бұл туралы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат өндірістік бірлестіктің Instagram-дағы ssgpo_erg парақшасында жарияланды. Жазатайым оқиға жағдай "Соколовская" шахтасында болған.

"280 метр деңгейжиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты

"ССКӨБ" АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғыра көңіл айтады. Марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Бұл жайтқа қатысты тергеу басталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2132364-qostanai-oblysyndagy-shahtada-zhumysshy-mert-boldy/