Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кеткен

Жарияланған күні:

Баспалдақ
Баспалдақ. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қызылордада төрт жасар бала бесінші қабаттан бірінші қабаттағы баспалдаққа құлап кеткен. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ТЖМ ақпаратынша,оқиға бүгін 5 қабатты тұрғын үйде болған. Түрлі жарақаттары бар бала ауруханаға жатқызылған.

Осы орайда министрлік кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

"Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар!", - делінген хабарда.

Қауіпсіздік шаралары:

  • кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз үйден шығуға рұқсат бермеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2132658-qyzylordada-tort-zhasar-bala-besinshi-qabattan-birinshi-qabattagy-baspaldaqqa-qulap-ketken/