Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кәмелетке толмаған бала айдаған": Астанада бір тәулікте үш мопедші жол апатына түсті

Жарияланған күні:

Мопед айдап жүрген жігіттер
Мопед айдап жүрген жігіттер. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Кеше, 11 шілдеде Астанада 17, 18 және 21 жастағы үш мопедші күндізгі уақытта түрлі жарақаттармен ауруханаларға жеткізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ведомстволық сайтында хабарланғандай, бір күнде елордада жас жүргізушілер басқарған мопедтердің қатысуымен үш жол көлік оқиғасы болды.

Сағат 17:11-де Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Сарыарқа даңғылымен, Жангелдин көшесінің қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін қағып кеткен.

Дал осындай апат Қошқарбаев даңғылы мен Нұрмағамбетов кошелерінің қиылысында сағат 21.40-та болды. Volkswagen Transporter жүргізушісі қарсы жолақпен келе жатқан 21 жастағы мопед жүргізушісін қағып кеткен.

Үшінші жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы мопед жүргізушісі зардап шекті. Kia Sportage жүргізушісі Бұқар жырау көшесімен, Әлиев көшесінің қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан мопед жүргізушісін қағып кеткен.

9-12 шілде аралығында елордада жолдағы апат деңгейін төмендетуге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде", - деп еске салады ведомство өкілдері.

Осы елордада жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-12 шілде аралығында өтіп жатыр.

Операция басталғалы бері 1300-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды.

Белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынып, автоматты анықтау құралдары арқылы тіркелсе, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамаған 180-ге жуық жүргізуші белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2132913-kameletke-tolmagan-bala-aidagan-astanada-bir-taulikte-ush-mopedshi-zhol-apatyna-tusti/