"Аяғы сынған": Ақмола облысында жұмысшы 32 метр биіктен құлап, аман қалды
Жарияланған күні:
Ақмола облысында ұялы байланыс операторының қызметкері 32 метр биікте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыс алаңына құлап, аман қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жазатайым оқиға Целиноград ауданы Ақмол кентінде болған.
Ұялы байланыс антеннасы орналасқан 32 метр биіктікте орталық қазандықтың құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ұялы байланыс компаниясының қызметкері жарақат алды.
"Жұмысшы үш метр төмен орналасқан құрылыс алаңына құлады. Жәбірленушінің аяғы сынған", - делінген хабараламада.
Ақмола облысы ТЖД күштерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, жәбірленуші автокранның көмегімен жерге түсіріліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2133399-aiagy-syngan-aqmola-oblysynda-zhumysshy-32-metr-biikten-qulap-aman-qaldy-video/