Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы 17 жастағы жігіттің өлімі: күдікті қамауға алынды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырау облысында кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Прокуратураның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 шілдеде Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында 17 жасар жасөспірім ауылдасының соққысынан кейін қайтыс болған.

Полиция аталған дерек бойынша "Абайсызда қазаға ұшырату" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.  

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды.

"13 шілдеде оған қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген ресми хабарламада.

Істің тергеп-тексерілуі ерекше бақылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2133732-atyrau-oblysynda-17-zhastagy-zhigitting-olimi-kudikti-qamauga-alyndy/