Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтаған: зардап шеккен келіншектің аяғы ауыр болып шықты
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысының көпсалалы ауруханасының дәрігерлері супермаркет маңында пышақ жарақатын алған әйелдің қазіргі жағдайын айтты. Бұл туралы Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2000 жылы туған әйел облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне 13 шілде күні түнде сағат 22:40 шамасында түскен. Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіншекті кезекші хирург, травматолог пен реаниматолог дәрігерлер тексеріп, зертханалық анализдерін қарап, шұғыл түрде ота жасаған.
"Науқастың диафрагма мен бауыры, ішкі қабырғалары, өкпе тіндері зақымдалған. Қол-аяқтың жоғарғы және төменгі бөлігі бірнеше рет пышақталған. Науқастың аяғы ауыр, жүктілігі - 10 апта.
Қазір науқастың жағдайы - тұрақты ауыр. Есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, - делінген баспасөз хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2133771-manggystauda-er-adam-aielin-pyshaqtagan-zardap-shekken-kelinshekting-aiagy-auyr-bolyp-shyqty/