Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес адам қаза тауып, 11-і зардап шекті": Қарағанды облысында автобус пен минивэн соқтығысты

Жарияланған күні:

Қарағанды облысындағы жол апаты
Қарағанды облысындағы жол апаты. Видеодан кадр: policeofkaraganda

Бүгін Қарағанды облысының тас жолында жолаушылар автобусы мен көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 14 шілде күні сағат 12:00 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде Қарағанды қаласына қарай бағытта автобуспен "Тойота Естима" көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды.

"Жол апатының салдарынан "Тойота Естима" автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға 11 адам жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды", - деп үндеу жасады тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2133786-bes-adam-qaza-tapty-11-i-zardap-shekti-qaragandy-oblysynda-avtobuspen-kolik-soqtygysty/