Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бірнеше тонна шөп өртеніп кетті

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру кезінде
Өрт сөндіру кезінде. Фото: ТЖМ

Ақмола облысында кеше, 14 шілдеде түнде жеке тұрғын үйдің аумағында үш тонна шөп өртенді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, оқиға Біржан сал ауданында болған.

15 шілдеге қараған түні Ақмола облысының Біржан сал ауданы Заураловка ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында 3 тонна шөп жанды.

"Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралмады.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, оқиға себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында Жаңаөзенде құтқарушылар мұнай тиелген жүк көлігіндегі өртті сөндірген болатын.

Сондай-ақ Елордада монша кешендерінің бірі өртке оранды. Өрт сөндірушілер жалынды бірнеше сағат бойы сөндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2133909-aqmola-oblysynda-birneshe-tonna-shop-ortenip-ketti/