"Күдікті 47 жастағы көршісі": Алматыда жасөспірім пышақ жарақатын алды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Күдікті 47 жастағы көршісі болып шықты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Facebook қолданушысы Алматыда оның 15 жастағы жиеніне пышақпен шабуыл жасалғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, 47 жастағы күдікті мас болған. Олар көрші тұрған. Оқиға 15 мамырда кешке Түрксіб ауданында болған.
"Ол арт жақтан келіп, жиенімді иығынан итеріп жіберді де, бұрылғанда пышақты шапқа тығып алып, қайта сермеп жіберді, бірақ жиенім оны итеріп жіберді де, құлап қалды. Сол кезде сыныптасы көршісінің қолында қанды пышақ барын көрген. Қанға боялған досы оған тез үйге жүгіріп кет деп айғайлады", - делінген жазбада.
Бала ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер жараны тігіп, қанды тоқтатты.
Алматы полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне мән-жайға қатысты пікір білдірді.
"Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Жасөспірімнің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері кешенінің нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Кінәлі міндетті түрде жауапқа тартылады", - делінген жауапта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2134479-kudikti-47-zhastagy-korshisi-almatyda-zhasospirim-pyshaq-zharaqatyn-aldy/