Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда барахолка аумағындағы өрт: қазіргі уақытта не белгілі (видео)

Жарияланған күні:

Алматы барахолка базарындағы өрт
Алматы барахолка базарындағы өрт. Фото: ТЖМ

Алматыда барахолка аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ оқиға орынан видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Алатау ауданы, Солтүстік айналым, мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің (екі деңгейде орнатылған контейнерлердің) жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына және қойманың жану жүктемесінің көп болуына байланысты өрт өрши түскен.

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндірудің бірнеше учаскелері құрылған. Өртке үздіксіз су шашылып жатыр.

"Өртті сөндіруге ТЖМ Қазавиақұтқару су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды.

Қазіргі сәтте әуеден 6 рет өрт ошағына су төкті.

Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2135079-almatydagy-baraholka-aumagynda-ort-qazirgi-uaqytta-ne-belgili-video/