Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк көлігі жол жиегіне шығып кетті": Алматы облысындағы нөсер жауын салдары қалай жойылып жатыр

Жарияланған күні:

Алматы облысындағы ағын судың салдары
Алматы облысындағы ағын судың салдары. Видеодан кадр: t.me/QazAvtoJol

Алматы облысындағы Кеген ауданында жауын-шашын салдарынан су тасқыны болып, жүк көліктері жол жиегіне шығып кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысының баспасөз қызметі Instagram-дағы ресми парақшасында мемлекеттік құрылым қызметкерлері Кеген ауданындағы жауын-шашын салдарын уақытылы жойғанын хабарлады.

"16 шілдеде сағат 15:58-де Кеген ауданы, Ақсай ауылының маңындағы таулы аймақта жауын-шашынның салдарынан ағын судың қалыптасуы орын алды. Сондай-ақ, ағын судан 2 жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Жолды тазалау жұмыстарына Кеген, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарының арнайы техникалары жұмылдырылды", - делінген ресми хабарламада.

Сағат 17:00-де жаңбыр тоқтап, су деңгейі түсті.

ҚазАвтоЖол жолды тазарту жұмыстарын жүргізуде. Автокөлік қозғалысы штаттық режимде жұмыс жасауда. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Алматы облысындағы су тасқынына қатысты пікір білдірді

"Көкпек-Кеген-Түп" республикалық маңызы бар автожолының (ІІІ санат) 33-41 шақырымында қатты жауын салдарынан жолды төрт жақтан су басты, оның ұзындығы 100 метр, ал биіктігі 8-10 см құрады. Жақын елді мекен Ұзынбұлақ ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы. Бұл жол учаскесінің екі жерінде жұмыс істеп тұрған су өткізгіш құбырлары бар.

Қазіргі таңда "ҚАЖСервис" ЖШС Алматы облыстық филиалының мамандары жасақталып, суды ағызу және уақытша жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Аталмыш шараға 5 бірлік техника мен 8 адам жеке құрамнан жұмылдырылды. Сағат 19:30-ғы жағдай бойынша су тасқыны тоқтады. Жол қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Кезекшілік орнатылды", - делінген ресми хабарламада

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2135121-zhuk-koligi-zhol-zhiegine-shygyp-ketti-almaty-oblysynda-noser-zhauynnyng-saldaryn-zhoiyp-zhatyr/