Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда барахолка аумағындағы өрт толығымен сөндірілді (фото, видео)

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер оқиға орнында
Өрт сөндірушілер оқиға орнында. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда барахолка аумағындағы өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бірнеше сағат бойы күресті. Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өрт толығымен 2300 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.Қабылданған шаралармен көршілес салынған шамамен 5 мың ш.м. кәсіпкерлердің мүлкі өрттен қорғалды. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде", - делінген ресми хабарламада.

Өртті жоюға ТЖМ күштері мен құралдарының жеке құрамынан 110 адам мен 23 техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Бүгін, 17 шілдеде Алматыдағы барахолка аумағынан өрт шыққаны белгілі болды.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Алатау ауданы, Солтүстік айналым, мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің (екі деңгейде орнатылған контейнерлердің) жанып жатқаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2135202-almatyda-baraholka-aumagyndagy-ort-tolygymen-sondirildi-foto-video/