Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда BMW көлігі жолда көлік жөндеп жатқан екі адамды қағып кетті: олардың бірі қайтыс болды (фото, видео)

Жарияланған күні:

ДТП в Алматы
ДТП в Алматы. Фото: zakon.kz

Бүгін түнде Алматыда BMW жүргізушісі Саин көшесінде екі адамды қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнде Алматының Әуезов ауданында болған.

"BMW көлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Nissan көлігі мен сол жақ жолақта тұрған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі, 48 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

Zakon.kz сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Nissan Mistral джипі жолда бұзылып қалған. Жүргізуші мен оның жолаушысы көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. Көлік сол жақ жолақта тұрған.

Басылымның хабарлауынша, екінші жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2135940-almatyda-bmw-koligi-zholda-kolik-zhondep-zhatqan-eki-adamdy-qagyp-ketti-olardyng-biri-qaitys-boldy-foto-video/