Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бес жасар қыз дәретханадан тірі табылды

Жарияланған күні:

дәретхана
Дәретхана. Көрнекі фото: pexels.com

Журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында жантүршігерлік оқиғаны баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында тағы бір бүлдіршін ауладағы дәретханадан тірі табылған. Бұған қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында тағы бір қыз бала ауладағы дәретхана тесігінен табылғанын хабарлады. Бұл жолы бүлдіршін тірі шыққан. Ол кішкентай қызды дәретханаға біреу түсіріп жіберген болуы мүмкін деген болжам жасады.

"Дәретханаға түсіп өлді ме әлде біреу түсірді ме? Дәл қазір осы сауал Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында үрей туғызып отыр. Естеріңізде болса 16 мамырда осы ауылдың Мамаев көшесінде тұратын үш жасар қыз жоғалып еді. Бүкіл ел болып іздеп, алаңдап, тілеуін тіледік. Өкінішке қарай үшінші тәулікте кішкентай Асылымның денесі көршінің дәретханасынан табылды. Бұл қалай деп талайымыз бас қатырдық, сенбедік, дегенмен, тергеу жазатайым оқиға деп, кінәлі жан табылмады.

Енді қараңыз, сол ауылда, сол көшеде, марқұммен көрші тұратын бес жасар қыз да екі күн бұрын дәл осындай оқиғаны бастан кешеді. Айтуына қарағанда оны бір адам "Жүр, кішкентай көжектер көрсетемін" деп шақырған. Әрі қарай қорқынышты", - деп жазады Гүлмира Әбіқай.

Бұған қатысты Түркістан облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

"Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясы кішкентай қызға қатысты жасалған заңсыз әрекеттер дерегіне байланысты тергеу жүргізуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Іс Түркістан облысы ПД басшылығының бақылауында", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар ПД ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпараттар жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында үш жасар бүлдіршін жоғалып кеткен еді. Кейін қыз баланың денесі көршісінің ауласынан табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2136000-turkistan-oblysynda-bes-zhasar-qyz-darethanadan-tiri-tabyldy/