Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк көлігімен соқтығысқан": Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты (видео)

Жарияланған күні:

Апат. Фото
Апат. Фото: instagram.com/krisp.tdk

Жетісу облысындағы Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында жарияланды.

Кадрдан жүк көлігімен соқтығысқан, зақымдалған жеңіл көлікті көруге болады.

Автордың айтуынша, апаттан екі адам қаза тапқан.

Бұл факт бойынша Жетісу облыстық полициясы тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Соқтығыс салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылған.

"Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыны жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте сақ болуға шақырады", - деп қосты полиция департаментінің өкілдері.

Бұған дейін Алматыда жүк көлігі жеке үйлердің қоршауын бұзып өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2136531-zhuk-koligimen-soqtygysqan-zhetisu-oblysynda-zhol-apatynan-eki-adam-qaza-tapty-video/