Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі астаналықты бір көшенің бойында тонап кетті

Жарияланған күні:

Ұрлық сәті
Көрнекі фото: polisia.kz

Астанада 46 жастағы ер адам мен 87 жастағы зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасалды. Полицейлер күдіктіні анықтады, деп хабарлайды ІІМ медиапорталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ІІМ-нің Polisia.kz ресми медиапорталының хабарлауынша, Астана тұрғыны екі адамды тонады деген күдікке ілінген.

Бірінші жағдайда ол 87 жастағы зейнеткерді тонаған.

"Күдікті зейнеткерден құжаттары мен ақшасы салынған сөмкесін тартып алған. Шабуыл күндізгі уақытта Жұбанов көшесіндегі үйдің кіреберісінің жанында болған. Ер адам қарт әйелді көріп, жүгіріп барып оның қолынан сөмкені жұлып алып қашып кеткен.  Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер тергеу барысында оның тағы бір тонауға қатысы барын анықтаған.

"Екінші жағдайда ол 46 жастағы астаналықты тонаған. Кешкі уақытта күдікті Жұбанов көшесінде ер адамнан телефоны салынған барсеткасын тартып алып, қашып кеткен. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тонауға қатысы бар ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп қосты полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін алдында Қарағанды ​​көшелерінің бірінде күндіз зейнеткерге шабуыл жасап, мойнындағы алқасын жұлып әкеткен. Оның әрекетінен әйел асфальтқа құлаған. Күдікті қылмысын мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2137956-eki-astanalyqty-bir-koshening-boiynda-tonap-ketti/