Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы тасжолдан ер адамның денесі табылды

Жарияланған күні:

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысындағы тасжолдан ер адам өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша,оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының хабарлауынша, жол апаты 16 шілдеге қараған түні Жарқайың ауданында болған.

"Полицейлер Жезқазған – Петропавл республикалық тасжолының Пригородное ауылына жақын ежерде ер адамның денесін тапты. Тергеу барысында азаматты көлік қағып кетуі мүмкін екені анықталды", - деп түсіндірді ІІМ өкілдері.

Мұны оқиға орнынан табылған белгісіз көліктің сынықтары мен іздері де растады. Полиция қызметкерлері жан-жақты тексергеннен кейін табылған кесектерден оның түсін анықтады. Жолдағы іздерге сүйене отырып, жүргізушінің қысқы дөңгелегі бар көлік жүргізгенін анықтады.

"Сол күні-ақ полиция қызметкерлері ер адамды қағып кеткен жүргізушіні анықтады, ол 24 жастағы Пригородное ауылының тұрғыны болып шықты. Жүргізуші шынымен де белгісіз ер адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткенін растады", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта полицейлер бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы: 345-баптың 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" және 347-бабы "Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 160 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Қылмыстық Кодекстің 347-бабына сәйкес ауыр зардаптар туындаған жағдайда, көлiк құралын басқаратын және жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған адамның жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалуы – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138115-aqmola-oblysyndagy-taszholdan-er-adamnyng-denesi-tabyldy/