Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өзеннен әйелдің денесі табылды (фото, видео)

Жарияланған күні:

құтқарушылар
Құтқарушылар. Фото: ТЖМ РЖҚЖ

Алматы облысының құтқарушылары өзеннен әйелдің денесін алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, марқұм суға құлап кеткен, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ Instagram-дағы парақшасында.

РЖҚЖ құтқарушылары Қонаев ЖҚЖ қызметкерлерімен бірге Қаскелең өзенінен әйелдің денесін тауып, судан алып шықты.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.

Дене болжамды құлау орнынан 1.5 км жерден табылды.

Бұған дейін Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерткен болатын.

Жүзу кезінде рұқсат етілмейді:

  1. Бейтаныс жерде, көпір астында және бөгеттердің жанында жүзуге;
  2. Тереңдігін, жер бедерін білмей биіктен сүңгуге;
  3. Қалқымалар мен қоршаулардың артында жүзуге;
  4. Кемелерге және басқа су кемелеріне жақындауға;
  5. Қайықтардан, пирстерден суға секіруге;
  6. Суда ойнағанда бір-бірінің қолы мен аяғын ұстауға болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138262-almaty-oblysynda-ozennen-aielding-denesi-tabyldy-foto-video/