Павлодарда көшеде пышақ жарақатын алған тұрғын көз жұмды: күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русскомКөкірек тұсынан пышақ жарақатын алған 35 жастағы павлодарлық қала көшелерінің бірінен ауыр хәлде табылды. Кейін ол ауруханада көз жұмды, күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Павлодар-Онлайн" басылымы.
Зардап шеккен тұрғын ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
"20 шілдеде сағат 04.34-те Мәшхура Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында зардап шеккен 35 жастағы ер адам болып, кеуде тұсынан пышақ жарақатын алғаны туралы шақырту түсті. Ер адам Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.
Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін растады. Ол сол күні қайтыс болған.
Басылым мәліметінше, кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138658-pavlodarda-koshede-pyshaq-zharaqatyn-algan-turgyn-koz-zhumdy-kudikti-ustaldy/