Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рудныйда үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін Рудный қаласында үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бүлдіршін бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оқыс оқиға бүгін Рудный қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында орын алған.

ТЖМ-ның Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, ұл бала құлаған кезде түрлі жарақат алған. Бұлдіршін ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескертеді:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торлары құлаудан қорғамайды;
  • Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138781-rudnyida-ush-zhasar-bala-tortinshi-qabattyng-terezesinen-qulap-ketti/