Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 10 тонна шөп жанып кетті

Жарияланған күні:

Түркістан облысындағы өрт
Түркістан облысындағы өрт. Фото: ТЖМ

Түркістан облысында шаруа қожалығына тиесілі жиналған шөп өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігі толық мәлімет берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысының Келес ауданындағы жеке тұрғын үйлерінің бірінің аумағында жиналған шөбі бар шаруашылық құрылыс жанды.

"Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында 100 шаршы метрлік өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр", делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақмола облысында 14 шілдеде түнде жеке тұрғын үйдің аумағында үш тонна шөп өртенді.

Сонымен қатар 23 шілдеде таңертең Алматыда көлік көп жүретін көшелердің бірінде трактор өртенген еді. Өрт сөндірушілер жанып жатқан техниканы сөндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2138929-turkistan-oblysynda-on-tonna-shop-ortendi/