Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жасөспірім адам өліміне әкеп соқтырған жол апатын жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Түрме торы
Түрме. Көрнекі фото: Instants/Getty Images

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім сотқа тартылды. Айыптау нұсқасы бойынша, ол көлік жүргізіп келе жатып, басқа көлікпен соқтығысқан. Салдарынан әйел адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі бойынша айыпталған кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметінше, 2023 жылғы 20 тамыз сағат 07.30 шамасында кәмелетке толмаған жасөспірім Омбы– Майқапшағай тасжолында әкесіне тиесілі FAW маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, Nissan Prairie маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам қаза болып, ал қалған жолаушылар әртүрлі жарақат алған.

Сотталушының кінәсі сараптамалардың қорытындыларымен, куәгерледің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды.

"Сот істің мән-жайларын және сотталушының жасын ескеріп, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуді тағайындап, 2 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды", - делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139324-shqo-da-zhasospirim-adam-olimine-akep-soqtyrgan-zhol-apaty-ushin-bas-bostandygynan-aiyryldy/