Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бір күнде екі бала терезеден құлап кетті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның әр өңірінде кішкентай балалардың көпқабатты пәтер терезесінен құлауы бойынша тағы екі жағдай тіркелді. Екі оқиғада да балалар дене жарақатымен ауруханаға түскен.

Ақмола облыстық ПД өкілдерінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша, бүгін, 24 шілдеде 2022 жылы туған қыз терезеден құлап, жарақат алды.

Полицейлер ата-аналарды кішкентай балаларға бақылауды күшейтіп, ашық терезе жанында жалғыз қалдырмауға шақырды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша осындай жғдай Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында болған. Онда төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар кеше, 23 шілдеді ТЖМ Рудныйда көпқабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен баланың құлап кеткенін хабарлады. Бала ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139394-qazaqstanda-bir-kunde-eki-bala-terezeden-qulap-ketti/