Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқ жарақатын алған: Қызылордада онкологиялық аурухана қызметкерінің денесі табылды

Жарияланған күні:

Тапанша
Тапанша. Көрнекі фото: pixabay.com

Ер адамның денесі 23 шілдеде күндіз Абай ауылының шетінен табылды. Қызылорда облыстық полиция департаменті күдіктілер ұсталғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Telegram-дағы CMN.kz арнасының мәліметінше, ер адамның денесі 23 шілдеде күндіз Абай ауылының шетінен табылған.

"Жергілікті онкологиялық аурухананың 31 жастағы медициналық технигі қаза тапты. Оның денесі оқ жарақатымен суару каналының жанынан табылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабымен – "жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" қылмыстық іс қозғалды", - делінген жазбада.

Полиция департаменті күдіктілер ұсталғанын мәлімдеді.

"Қызылорда полициясы аса ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139516-qyzylordada-onkologiialyq-auruhana-qyzmetkerining-denesi-tabyldy/