Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүк көлігі мен "ГАЗель" соқтығысты: Павлодар облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты болды

Жарияланған күні:

жол көлік оқиғасы
Көрнекі фото: pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Павлодар облысында "Нұрлы жол" тасжолында жүк көлігі мен "ГАЗель" соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 24 шілдеде болған.

"Нұрлы жол" тасжолында Daf XF көлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, ГАЗ-2705 көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің өкілі.

Көліктер айыппұл тұрағына қойылған.

Қазір осы жайт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салсақ бұған дейін Астана–Петропавл тасжолында жолаушылар мінген жеңіл көлік трактор тіркемесіне соқтығысқанын хабарлаған едік. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.

Infiniti көлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 1996 жылы туған тағы бір жолаушы орталық облыстық ауруханаға жеткізілді. 35 жастағы тракторшы зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139535-zhuk-koligi-men-gazel-soqtygysty-pavlodar-oblysynda-adam-olimine-akep-soqtyrgan-zhol-apaty-boldy/