Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде адамдар мінген дельтаплан құлады

Жарияланған күні:

Алакөлде дельтаплан суға құлап кетті
Алакөлде дельтаплан суға құлап кетті. Фото: ТЖМ

Жетісу өңірінде адамдар мінген дельтаплан Алакөлге құлап кетті. Оны құтқарушылар патрульдеу кезінде тапты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, Жетісу облысында Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды.

"Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында екі бала жоғалып, олар демалыс аймағынан кетіп қалған. Құтқарушылар іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көлдің жағалауында тапты.

Ақтөбе облысында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139855-alakolde-adamdar-mingen-deltaplan-qulady/