Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көшенің қиылысында көлік аударылып қалды (видео)

Жарияланған күні:

Астанадағы жол апаты
Астанадағы жол апаты: instagram.com/astanovka98

Бүгін желіде жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. Кадрда аударылып қалған көлік көрсетілген. Видеоны оқиға куәгерлері түсіріп алған. Астана полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі Astanovka98 аккаунтында хабарланғандай, жол апаты бүгін таңертең ботаникалық бақ аумағында болған.

Астана полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Қабанбай батыр даңғылы мен Ақмешіт көшесінің қиылысында Hyundai автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылып келе жатып, қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылып түскен.

Оқиға салдарынан Hyundai жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі зардап шекті", - деп хабарлады Астана полициясының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2140278-astanada-koshening-qiylysynda-kolik-audarylyp-qaldy-video/